Картоп таяқшасы дегеніміз – ол бидай пісе бастағанда және оны бастырған кезде, содан кейін ұнға түсетін топырақ микробы. Мұндай зарарланған ұннан жасалған өнімдерді пісіру кезінде микроб өледі, бірақ оның спорлары тірі қалады. Жылы және ылғалды жағдайларда картоп таяқшасы белсенді түрде көбейе бастайды.
Табиғатта картоп таяқшасы өте кең таралған, ол топырақта, өсімдіктерде кездеседі. Тиісінше, астық қайта өңдеу зауыттарына келгенге дейін — көбінесе жинау кезінде оған осы микроб түседі.
Астықты өңдеу алдында оны тазалау және жуу керек. Бірақ картоп таяқшасы өте жоғары температураға да төзімді келеді.
Сондықтан ол өлмейді, ал егер өндіруші санитарлық ережелерді сақтамаса немесе технологияны сақтамаса, онда ол жуылмайды деген сөз. Тіпті дүкенде ұн пакетін сатып алып, онымен бірге аурудың қоздырғышын қоса үйге әкелуден ешкім сақтандырылмаған.
Зарарланған өнімдерді пайдалану ішек бұзылуларын және аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін.
Картоп таяқшасымен жұқтырған нанның түрі қандай болады?
Картоп ауруының қоздырғыштары картоп және шөп таяқшалары (Bacillus subtilis және тиісінше Bacillus mesentericus) болып табылады. Спора түрінде олар астыққа түсіп, сонда қалып қалады.
Нанның құрамында картоп таяқшасы бар болса да, егер қолайлы жағдай болмаса білінбеуі де мүмкін. Картоп ауруының дамуына ықпал ететін факторлар:
- Нанның жоғары ылғалдылығы;
- Жоғары температурада сақтау (35-40°С);
- суымаған нанды орауға болмайды;
- Нутриенттердің болуы (қоректік заттар, мысалы глюкоза);
Зарарланған ұннан жасалған нан 2-3 тәулікте кезде жағымсыз иіс пайда болады. Наннның жұмсағы жабысқақ, созылғыш болады және соңында өткір ерекше иісі бар жабысқақ, лас-қоңыр массаға айналады. Әдетте, қара бидай нанында картоп ауруы байқалмайды, өйткені оның қышқылдығы бидайдан әлдеқайда жоғары
Картоп таяқшасының ең үлкен белсенділігін жазда болады, сондықтан бөлмеде ауа температурасы +20 градустан жоғары болса, нан- тоқаш өнімдерін тоңазытқышта сақтау керек.
Спорлар тек жоғары температурада жойылады (> 115°С).
Нанды артығымен сатып алмаңыз, егер үй-жайдың температурасы жоғары болса, оны тоңазытқышта сақтаңыз.
Картоп таяқшасы белсенділігін бастамайынша, адам ағзасына қауіпті емес. Осы микроорганизмдер белсенді бола бастаған кезде өнім бүліне бастайды, ал бұл бактерия ағзаға түскен кезде токсиндермен улауы мүмкін. Картоп таяқшасы келесі аурулардың себебі болуы мүмкін:
- Менингит;
- Перитонит;
- Буындардың, ішектің және өт қабының қабынуы;
- Аллергия.
Біздің орталықта сіз сатып алған ұнның сапасын және картоп таяқшасының болуын тексере аласыз.