Ірімшіктің тұрлері:
- қатты мәйекті ірімшіктер;
- жұмсақ мәйекті ірімшіктер;
- тұздық ірімшіктер;
- қышқыл сүт ірімшіктері;
- балқытылған ірімшіктер.
.
Қатты сұрыпты ірімшіктерде жұмсақ сұрыпты ірімшіктерден қарағанда ақуыздар, тұздар мен майлар көп болады.
Ірімшіктің төртен бір бөлігі ақуыздардан тұрады (100 гр. ірімшікте 25 гр ақуыз) олар бұлшықеттің құрылыс материалы болып табылады, иммунитетті арттырады, жасушалардың өсу, даму және қалпына келтіру процесіне қатысады. 100 грам ірімшік кальцийдің тәуліктік нормасын қамтамасыз ете алады. Ірімшікте Д, А витаминдері болады. Бұл кальцийдің сүйекке жақсы сіңірілуіне көмектеседі - сүйектерді нығайтады.
Ірімшікте В12 витамині бар, егер адам денесінде В12 витамині жетіспесе, жасушаларда оттегінің жетіспеушілігі басталады. Демек, В12 витамині денені энергияға толтырады. Ірімшіктің орташа қолдану (шамамен күніне 25 гр. жүрек-тамыр ауруларының даму қаупін төмендетеді.
Ірімшікте ішек микрофлорасын жақсартатын пайдалы бактериялар бар, ағзадағы әртүрлі қоректік заттарды жақсы ыдыратуға және сіңіруге және уыттарды шығаруға мүмкіндік береді.
Ірімшіктің зияны неде?
Ірімшіктің көптеген сорттары өте тұзды және тұзды шамадан тыс тұтыну қысымды арттырады.
Ірімшікте көптеген майлар бар және осы себепті оны диеталық өнім деп атай алмаймыз.
Ірімшік зиян емес, пайда әкелу үшін, оны мөлшерлеп жеу керек. Күніне бірнеше тілім (шамамен 25 гр.) сіздің денеңізді пайдалы заттармен және бактериялармен қамтамасыз етеді және сіздің жүрегіңіз бен фигураңызға зиян келтірмейді.