Басты бетТағамдық бояғыштар

Тағамдық бояғыштар

Бүгін біз, 7 жасанды бояғыштарды мысалға келтіре отырып, тағаммен шамадан тыс пайдалану кезінде дамитын денсаулық үшін жағымсыз салдарларды қарастырамыз."Зиянсыз" дозасы бар өнімді тұтыну ағзаға ең аз мөлшерде әсер етеді деген шартты түсінік бар. Сондай-ақ, осы бояғыштарды тағаммен үнемі қолданғанда пайда болатын жинақтаушы әсерді ескеру керек.

Мақалада аталған барлық қоспалар АҚШ, Канада, Еуропа, Жапония тамақ өнеркәсібінде пайдалануға тыйым салынған. Олар мынадай тағамдық қоспалар:

Е102 (тартразин)

Е104 (хинолинді сары)

Е110 (күн батқандағы түс)

Е122 (кармазин)

Е124 (понсо 4R)

Е129 (ал қызыл)

Е131 (патенттелген көк V)

Бояғыштар жалғыз өзі немесе басқа да қоспалармен бірге (мысалы, натрий бензоаты) келесі салдарларды тудыруы мүмкін:

- аллергия (анафилаксияға дейін)

- обыр мен мутацияларды дамыту

- БГБС (балалардағы гипербелсенділік синдромы)

- Ұрықтың даму аномалиясы

- ішкі органдардың құрылымы мен жұмыс істеуінің өзгеруі

Мұндай бояуларды қайдан өнімдерде кездестіруге болады? Балалардың сүйікті тәттілері:

- М&M дражесі, мармелад Hariboi т.б.

- әртүрлі брендтердің газдалған сусындарында әсіресе Тархун, Байкал, Барбарис

- Сағыз, десерт, чипсы, консерваларда және т.б.

Сіздерді азық-түлік өнімдерінің тек қана жарамдылық мерзімін ғана емес, сондай-ақ құрамын оқуға шақырамыз.