Қасиетті Рамазан айы кезінде сіздің тамағыңыз әдеттегі тағамнан ерекшеленбеуі және барынша қарапайым болуы тиіс. Ауыз ашқан кезде сумен сондай – ақ, құрмамен ауыз ашады.
Ауызашарға көкөністер, жемістер мен шай қолайлы болады. Тамақтану толыққанды және әр түрлі болуы керек.
Рамазан айы кезінде ет, балық немесе бұршақты, ақуызға бай тағамдарды ішу керек. Рамазан айы кезінде сіздің үстеліңізде жасыл жапырақ көкөністер мен қышқыл сүт өнімдері болуы керек. Ағзаның сұйықтыққа деген қажеттілігін қанағаттандыруға қамқорлық жасау қажет. Кешкі ас кезінде үзіліс жасаған пайдалы болады. Негізгі тағамдардың алдында стакан су ішу немесе зәйтүн жемісі, құрма, қызанақ, қияр, көк шөп жеген дұрыс. 15 минуттан кейін басқа тағамдарды жеуге болады. Бұл тағамның жеңіл қорытылуына және энергияның артуына ықпал етеді.
Рамазан айы кезінде ағзаны энергиямен қамтамасыз ететін өнімдер, яғни құрамында көмірсулар бар өнімдер күріш, булгур, картоп және т. б. тамағамдарды жеу керек.
Ауыр, қуырылған тағамдардан, ұннан бас тарту керек. Бұл азық-түлік тағамның қорытылуына кедергі келтіреді.
Ішектің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жеміс, көкөніс және салат жеуге тырысыңыз. Көп су ішіңіз, жасыл шай пайдалы, тәтті компот емес, айран, сүт, йогурт, айран.
Жазғы кезеңде клечаткаға бай өнімдерді тұтынған пайдалы. Бұл сұлы, қара өрік, сары өрік және т. б.
Кешкі астан кейін жаяу серуендеу, ішек жолының жұмысын жақсартуға көмектесері сөзсіз.