Басты бетЗімбір: денсаулыққа пайдасы мен зияны

Зімбір: денсаулыққа пайдасы мен зияны

Зімбір: денсаулыққа пайдасы мен зияны

Зімбір - зімбір тұқымдасынан шыққан көпжылдық шөпті өсімдік.

1. Зімбірдің пайдасы.

Зімбірде витаминдер, минералдар және эфир майлары бар.

Зімбірдің қасиеттері - тамақтан улану, жүрек айнуы және құсу кезінде жақсы  көмектеседі, құрамында  магнийдің көп болуына байланысты организмнен токсиндердің шығуын тездетеді, сонымен қатар жүйке жүйесінің жағдайы жақсарады.

Зімбір қанның ұюына пайдалы, қанды  ұйытатын  тробтардың пайда болу қаупін азайтады.

С мен В витаминдерінің көп болуына байланысты иммунитетті белсендіреді, Бактерияға қарсы әсерге ие.

Балғын  имбирь тамырында пайдалы  заттар көлемі өте көп.

Медицинада зімбір ұнтақ, май және тұнбалар түрінде қолданылады.

2. Зімбірдің зияны.

Жаралар, гастрит, геморрой немесе колит кезінде зімбірді тұтынуға тыйым салынады, өйткені ол асқазан мен ішектің шырышты қабығын тітіркендіреді.

Цирроздар, гепатиттер, тастар  ауруы кезінде зімбірді жеуге болмайды. Жоғары қысым мен жүрек проблемалары болған кезде зімбірден бас тарту керек, өйткені ол қан ағымын күшейтеді, ал бұл жағдайды нашарлатуы мүмкін. Зімбірді кейбір препараттарды қабылдау кезінде жеуге болмайды, мысалға қанды сұйылтатын препараттар. Зімбір қанның тұтқырлығын азайтады, бұл қан кетуіне әкелуі мүмкін.