Біздің балаларымызға күн сайын қауіп төнуі мүмкін. Әрине, барлық адамдар көшеде қандай да бір қауіптің төніп тұруы мүмкін екенін түсінеді, бірақ туған үйінің қабырғаларында сәбилерге қандай да бір қауіптің болуы мүмкін бе? Ия, мүмкін, бұған жеткілікті себептер де бар. Олардың кейбіреулері туралы толығырақ оқыңыз.
1. Сынап
Бала оны қайдан таба алады? - деп ойлауыңыз мүмкін. Балалар стоматологиясында кеңінен қолданылатын күміс пломбалар сынаптан жасалған. Осы өте улы пломбалар тікелей баланың аузына орналастырылады. Үнемі сынап буымен дем алған нәресте әрине уланады, бұл неврологиялық зақымдардың себебі болуы мүмкін.
2. Хот-догтар
Оларды сапасы нашар еттен жасайды, оның құрамында «натрий нитраты» деп аталатын канцерогенді химиялық зат бар. Ол балалардың ми ісіктерін, лейкозды, ұйқы безінің, тоқ ішектің және басқа мүшелердің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Хот-догтар қорғасын бояуларынан да әлдеқайда қауіпті, алайда ата-аналар өз балаларына оны сатып әперуді жалғастып келеді.
3. Спорттық сусындар
Қандай да бір себептермен ата-аналар спорттық сусындарды пайдалы деп санайды. Мүмкін, олардың атауында «спорттық» деген сөз бар болғандықтан шығар бәлкім. Олар неонды жасыл жасанды бояуды байқамайды ма екен? Меніңше, спорттық сусындар - бұл бір әзіл сияқты. Олар тұзды судан, өңделген тәттілендіргіштерден және мұнай-химиялық бояғыштардан тұрады, және бұл ингредиенттердің көпшілігі зиянды. Балаларға кәдімгі ауыз су мен құрамында пайдалы микроэлементтері бар тағамдарды беру әлдеқайда ақылға қонымды дер едім. Балада калий жетіспейді ме? Онда бананды көбірек беріңіз.
4. Күннен қорғайтын крем
Күннен қорғайтын крем өндірісі - бұл үлкен алаяқтық. Күннен қорғайтын қасиеттері бар ең танымал өнімдер құрамында көптеген химиялық заттар болғандықтан терінің қатерлі ісігін тудырады. Олар тез сіңіріледі және ДНҚ мутацияларын тудырады, ал ол қатерлі ісікке әкеледі.
5. Судағы Фтор
Құбыр суларында кездесетін фтор - әлемдегі ең қауіпті улы заттардың бірі. Сумен бірге ол балалар мен сәбилердің денесіне енеді. Мұның бәрі оның органиміне пайдалы деп түсіндіріледі. Бірақ фтордың тек жергілікті қолданған кезде ғана көмектесетінін барлығы ұмытып кеткен бе? Яғни, тістеріңіз күшті болуы үшін оны ішуге болмайды, онымен тісті ысқылау керек. Бұл дегеніміз күн сәулесінен қорғану үшін күннен қорғайтын кремді денеге жағу емес, жеу керек дегенмен бірдей. Сонымен қатар, әр түрлі табиғи көздерден балалардың денесіне енетіні фтор мүлдем ескерілмейді. Суды жаппай фторлаудан асып түскен медициналық тиранияның жарқын мысалын табу қиын.
6. Кір жууға арналған химиялық заттар
Ата-аналарға теледидардан кір жуғыш ұнтақтың балалар киіміндегі барлық дақтарды қалай тазартатыны туралы сәнді жарнама көрсетілді. Бірақ бұл жарнамаларда осы ұнтақтардың уыттылығы туралы бірде бір сөз жоқ. Тіпті олардың иісі канцерогенді болып саналады және оларды қолдану балаларға да, қоршаған ортаға да зиянды.
7. Тез тамақтану
Бұл тамақ балаларға өте зиянды. Ондағы өнімдер гемогенделген, гидрогенделген немесе басқа да бір жолмен өзгертілгендіктен ғана емес, олардың құрамында химиялық қоспалар, дәмді жақсартқыштар, өңделген қант, тағамдық бояғыштар және басқа да зиянды заттар бар. Бір қызығы, көптеген ата-аналар балаларын жақсы мінез-құлқы үшін марапаттағысы келіп, оларды тез тамақтануға апарады. Осылайша, балалар жақсы сезімдер мен пайдасыз тамақ арасында психологиялық байланыс пайда болады.
8. Отқа төзімді химиялық заттар
Қазіргі нәрестелер мен балаларға арналған матрацтар өте улы химиялық отқа төзімді заттармен бүркілетінін білесіз бе? Олар балалардың терісіне оңай сіңеді және көптеген неврологиялық бұзылуларға және иммунитетті басуға әкеледі. Киімдерге, көбінесе кілемдерге де антипириндер себіледі.
9. Газды сусындар
Қант диабеті мен семіздікті тудырумен қатар, газдалған сусындарда көп мөлшерде фосфор қышқылы бар. Бұл зат сүйек тығыздығының жоғалуына әкеледі. Бұл тістің бұзылуына және қаңқаның сынғыштығына әкеледі. Диеталық газдалған сусындар одан да жаман, өйткені олардың құрамында химиялық тәттілендіргіштер бар, олардың әсерін көбінесе неврологиялық бұзылулармен байланыстырады.
10. Ауаны сергітуші құралдар
Олардың құрамында канцерогенді химиялық заттар бар. Сондықтан оларды үйде қолдану - астма және басқа тыныс алу ауруларына әкеліп соғады. Егер сіз балаларыңыздың денсаулығын бағалайтын болсаңыз, тазартқыштардың орнына эфир майларын немесе цитрус қабығын қолданыңыз.