Басты бетЖұмыртқа. Қай жерден және қалай дұрыс сатып алу керек?

Жұмыртқа. Қай жерден және қалай дұрыс сатып алу керек?

Жұмыртқа. Қай жерден және қалай дұрыс сатып алу керек?

Тауық жұмыртқасы - бұл кең таралған тамақ өнімі. Жұмыртқаларда (тауық, бөдене) жүйке жүйесіне пайдалы әсер ететін холин бар. Каротиноидтар жасқа байланысты көру қабілетінің жоғалуына, соның ішінде катарактаға жол бермейді. Жұмыртқаны сатып алғанда, олардың тағамдық құндылығына қарамастан, сатып алу кезінде тұтынушыға өте мұқият болу керек.

Тауық жұмыртқасын қоғамдық сауда желілерінен сатып алу керек, өйткені ветеринариялық сертификатсыз жануарлардан алынатын кез-келген өнімді сату халықтың денсаулығына қауіп төндіреді. Жұмыртқаны сатып алғанда, оның қабығының тұтастығына назар аудару керек, өйткені қабықтың бетінде арнайы қорғаныс қабаты болады, оның бұзылуына жол берілмеу керек, сақтау мерзімі мен сақтау шарттарына да қараған жөн. Қабық  - жұқпалы қоздырғыштардың енуіне жол бермейтін негізгі тосқауыл. Сырты жарық жұмыртқаны тағамға пайдалануға болмайды.

Асүй жұмыртқасы 0-ден 200С-қа дейінгі температурада 25 тәулік сақталуы тиіс. Қаптама материалы құрғақ, сырт иістерсіз болуы тиіс. Жұмыртқаны сатып алғанда, өнімнің сыртқы түріне назар аударыңыз, ол жарықсыз, таза, мөлшері мен салмағы бір-біріне сәйкес келетін, жұмыртқаның қабығындағы таңбаға немесе мөртаңбамен көрсетілген санатқа сәйкес келуі керек. Жұмыртқалар иістерді жақсы сіңіреді, сондықтан оларды айқын иісі бар өнімдердің жанына қоюға болмайды (мысалы, балық). Егер тұтынушы жұмыртқада қызыл тамырлар, сарысы мен ақуызының араласуы, бөтен иіс сияқты өзгерістерді байқаса, бұл  - өнімді тасымалдау немесе сақтау шарттарының бұзылғандығының белгісі.

Жоғары сапалы жұмыртқа таңдағыңыз келсе, жоғарыдағы кеңестерге назар аударуыңыз керек.