Ішек инфекциясы - дегеніміз бұл ең алдымен ас қорыту жүйесіне әсер ететін бір топ жұқпалы аурулар. Жалпы, бұл топтағы аурулардың 30-дан астам түрі бар. Олардың ішіндегі қауіптілі аздауы ол— тамақтан улану, ал ең қауіптісі — тырысқақ, іш сүзегі, ботулизм, сальмонеллез, бруцеллез, дизентерия және т. б.
Ішек инфекцияларының пайда болуының себебі неде?
Ішек инфекциясын кейде "кір қолдан пайда болатын аурулар" деп атайды. Шынында да, бәріне белгілі ережені орындау – яғни қолды үнемі жуып тұру - ішек инфекцияларымен ауыруды едәуір төмендетеді. Аурудың себептері - ішек инфекцияларының қоздырғыштарының адам ағзасына кір қолдар, жуылмаған көкөністер мен жемістер, қайнатылмаған су арқылы енуі, өткір ішек ауруымен аурып жатқан науқастарға күтім жасау, қолды ластанған сумен жуу, жеке гигиена ережелерін сақтамау. Сонымен қатар, кейбір тағамдар микробтардың көбеюіне қолайлы орта болып табылады, мысалы, сүт өнімдері, кремі бар кондитерлік өнімдер, күрделі салаттар (майонез және қаймақ қосылған), тартылған немесе туралған ет өнімдері (котлеттер, орамалар, пасталар), холодец және т. б.
Ішек инфекцияларынан қалай сақтануға?
- тамақтанар алдында үнемі қолыңызды жуыңыз.
- жазғы кезеңде кремі бар кондитерлік өнімдерді тұтынудан бас тартыңыз.
- шикі ет пен балықты дайын өнімнен бөлек қойып тоңазытқышта сақтаңыз.
- жемістерді, көкөністерді, көк шөптерді жақсылап шайыңыз, қайнаған сумен өңдеп алыңыз.
- жаңа піскен көкөніс салаттарын бірнеше сағаттан артық сақтамаңыз.
- ет және сүт өнімдерін сатып аларда, зауыттық қаптамадағы өнімдерді таңдаңыз.
- өнімнің жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз.
- тек қайнатылған суды, бөтелкедегі суды ішіңіз.