Басты бетСанитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Медициналық орталық» ММ басшысының міндетін атқарушысының 2026 жылғы 20 наурыздағы №08-04/3-л/с бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры лауазымына Нусупбаева Гаухар Есболатқызы тағайындалды.

Нусупбаева Гаухар Есболатқызы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар білікті маман.

2023 жылдан бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директорының орынбасары қызметін атқарып, ұйымдық-өндірістік бағытқа жетекшілік етті. Осы кезеңде зертханалық үдерістерді үйлестіру, олардың тиімділігін арттыру және қызмет сапасын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.

Оның басшылығымен орталықтың жаңа ғимаратқа көшуі, зертханалардың аккредиттелуі, зерттеулер номенклатурасының кеңеюі, аккредиттеу саласының ұлғаюы, сондай-ақ заманауи және инновациялық әдістердің енгізілуі сияқты маңызды міндеттер табысты жүзеге асырылды.

2020–2022 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-де директордың орынбасары қызметін атқарып, зертханалық қызметті дамыту мен үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етті.

2011–2020 жылдары осы орталықта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аккредиттеген вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс-зертхананы басқарды. Оның жетекшілігімен тұмау, гепатиттер, қызылша және коронавирус инфекциялары бойынша молекулалық секвенирлеудің озық әдістері енгізіліп, зертханалық үдерістерді басқарудың халықаралық стандарттары тәжірибеге енгізілді. Сонымен қатар, халықаралық жобаларға белсенді қатысып, Қазақстанда GLLP (Зертханалық көшбасшыларды даярлаудың жаһандық бағдарламасы) бағдарламасын енгізуге және зертханалық қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге үлес қосты.

Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) Қазақстан мен Орталық Азияға арналған қолданбалы эпидемиология және зертханалық қызмет бойынша екі жылдық бағдарламасының түлегі.

Еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы «Халық алғысы» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 2019 жылы «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы» номинациясының иегері атанды.