Сіздің шашыңызға, денеңізге, бет теріңізге арналған косметикаңыздың, сондай-ақ тұрмыстық химияның 90%-ның құрамында сульфаттар бар. Бұл қатты тазартатын, жуатын көпірік түзетін және майды ерітетін қасиеттерге ие химиялық, агресивті компонентердің тобы (арзан беттік белсенді заттар (ББЗ)).
Sodium Lauryl Sulfate (SLS), Ammonium Lauryl Sulfate, TEA Lauryl Sulfate – бұлардың бәрі анионды беттік белсенді заттар (АББЗ). Тазарту құралдарын жасау үшін міне осыларды пайдаланады. Өйткені АББЗ ең арзаны боп келеді. Бірақ бұл белсенді заттар:
- терінің қабыршықталуын
- тері дерматитін тудырады
- қайызғақтың пайда болуы және шаштың түсуінің себебі болып табылады.
Әсіресе АББЗ балалар үшін зиян. Олар қай жерде кездеседі?
- кір жуатын ұнтақ
- ыдыс-аяқ жуатын сұйықтық
- гель
- сабын
- тіс пастасы
- сусабын.
Тазартуға арналған құралдардың құрамындағы SLS кішкене мөлшерінің өзі бізге зиян тигізуі мүмкін. Ал, көп жағдайда SLS бірінші орында тұрады. Яғни оның басқа компоненттерге қарағанда көп екенін білдіреді.
SLS беткі қабатты, оның ішінде теріні де тотықтыру арқылы тазалайды және қабыршық қалдырады. Бұл қабыршық теріні тітіркендіреді, қышытады, терінің кеуіп қабыршықтануын тудырады, қызартады, аллергия тудырып, ал ұзақ уақыт бойы қолданғанда тері ауруларын тудыруы мүмкін. SLS терінің гидролипидті қорғанысын бұзады — липидтермен әрекеттеседі және оларды бұзады. Осылайша, біз, құрамында сульфаттары бар, бет пен денеге арналған косметиканы мүлдем қолдануға болмайды деген қорытынды жасай аламыз.
Ұзақ уақыт бойы қолданған кезде бұл заттар жасушаларда жинақталып, эпидермистің қорғаныс қалыптастыру процесін бұзады.
Сондықтан, егер сіздің құралыңызда SLS, SLЕS, АLS кездессе, бұл өнімдерді сатып алмағаныңыз жөн.