Басты бетҚышқыл концентрациясын анықтау: классикалық әдістен қауіпсіз технологияға дейін.

Қышқыл концентрациясын анықтау: классикалық әдістен қауіпсіз технологияға дейін.

Қышқыл концентрациясын анықтау: классикалық әдістен қауіпсіз технологияға дейін.

Химиялық талдау жүргізу үшін көбінесе мамандарға әртүрлі концентрациядағы қышқылдардың әртүрлі ерітінділері қажет. Ерітінділерді дайындау кезінде және әр талдау алдында маман қолданылатын реактивтердің жұмыс концентрациясы тексереді, өйткені зерттеу нәтижесі олардың концентрациясына тікелей байланысты.

Классикалық әдіс бойынша маман өлшеуіш цилиндрге 100 мл қышқыл құйып, оның тығыздығын ареометрлердің көмегімен өлшейді. Қышқыл ерітіндісінің тығыздығы арқылы оның концентрациясын анықтайды. Бұл әдістің кемшілігі-маман қышқылдарды төгіп алуы немесе қышқыл буымен дем алуы мүмкін болғандықтан бұл өте қауіпті.

Соңғы кездері Орталық зертханасында классикалық әдістің кемшіліктерін жою үшін Rudolph Research Analytical (АҚШ) өндірісінің DDM 2911 тығыздықты өлшегіш құрылғысы қолданылады. Бұл құрылғы маманға бірнеше ерітінділердің қажетті концентрациясын 10 минут ішінде білуге мүмкіндік береді. Бұл құрылғының үлкен  артықшылығы − қолданылатын қышқылдың аз мөлшерін ғана пайдаланатындықтан, маманның қышқыл буымен улану қаупін болдырмайды және шығындарды да үнемдейді.

Санэпидсараптама орталығы  қызметкерлердің денсаулығының қауіпсіздігіне көп көңіл бөледі.