Басты бет9 Мамыр қарсаңында Орталық қызметкерлері тыл еңбеккерін құттықтады

9 Мамыр қарсаңында Орталық қызметкерлері тыл еңбеккерін құттықтады

9 Мамыр қарсаңында Орталық қызметкерлері тыл еңбеккерін құттықтады 9 Мамыр қарсаңында Орталық қызметкерлері тыл еңбеккерін құттықтады 9 Мамыр қарсаңында Орталық қызметкерлері тыл еңбеккерін құттықтады 9 Мамыр қарсаңында Орталық қызметкерлері тыл еңбеккерін құттықтады

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК қызметкерлері «Аmanat» партиясының өкілдерімен бірлесіп, тыл еңбеккері Жанзақова Роза Иманбекқызының шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Роза Иманбекқызының тағдыр жолы – тұтас бір дәуірдің айнасы іспетті. Соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген балалық шақ, тылдағы ауыр еңбек, мектептің қосалқы шаруашылығындағы жұмыс, кейін медицина саласындағы ұзақ жылдық қызметі – оның ғибратты ғұмырының ажырамас бөлігіне айналды.

Алматы медициналық институтын тәмамдағаннан кейін Роза Иманбекқызы денсаулық сақтау саласына өмірін арнап, акушер-гинеколог дәрігері ретінде көп жыл еңбек етті. Ол медицина саласының дамуына елеулі үлес қосып, өнегелі ұрпақ тәрбиеледі.

Бүгінде ардақты ана немере-шөберелерінің қамқорлығы мен ыстық ықыласына бөленіп отыр. Кездесу барысында Орталық қызметкерлері Роза Иманбекқызын алдағы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасы амандығын және ұзақ ғұмыр тіледі.

Жеңіс ұрпағы мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен еңбегін ұлықтау – баршамыздың ортақ парызымыз. Бейбіт өмір сыйлаған аға буынға деген құрмет пен тағзым әрдайым ұрпақ жадында сақталады.