Басты бетСЭСО-да халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқылынды

СЭСО-да халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқылынды

СЭСО-да халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқылынды СЭСО-да халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқылынды СЭСО-да халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқылынды СЭСО-да халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқылынды

2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бастамасымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК басшылығы мен Қытайдың сертификаттау және инспекциялау корпорациясының (China Certification & Inspection Group, CCIC, Бейжің қ.) өкілі Mr. LU Jun арасында кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директорының бірінші орынбасары Қарасаев Ержан Жарылғапұлы, сондай-ақ «ҚазСтандарт» РМК мамандары қатысты.

Кездесу барысында Mr. LU Jun «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының» қызметімен таныстырылды. Сонымен қатар, тараптар өнімнің сәйкестігін бағалау шеңберіндегі сынақ жүргізу мәселелері мен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.