Басты бетЦСЭЭ-де Ашық есік күні өтті: су сапасын тексеру неге маңызды?

ЦСЭЭ-де Ашық есік күні өтті: су сапасын тексеру неге маңызды?

ЦСЭЭ-де Ашық есік күні өтті: су сапасын тексеру неге маңызды? ЦСЭЭ-де Ашық есік күні өтті: су сапасын тексеру неге маңызды? ЦСЭЭ-де Ашық есік күні өтті: су сапасын тексеру неге маңызды? ЦСЭЭ-де Ашық есік күні өтті: су сапасын тексеру неге маңызды?

2026 жылғы 25 мамырда ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК базасында су сапасы мен қауіпсіздігі мәселелеріне арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында Астана қаласының 30-дан астам тұрғынынан 33 су сынамасы қабылданды. Мамандар судың негізгі көрсеткіштерін - pH деңгейі, кермектік, лайлылық, түстілік және минералдану көрсеткіштерін зерттеді.

Зерттеу нәтижелері бойынша сынамалардың басым бөлігінде ауытқулар анықталған жоқ. Тек ұңғымадан алынған бір су сынамасы кермектік көрсеткіші бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеді. Сондай-ақ мамандар тұрғындарға судың сапасын тұрақты түрде бақылаудың, әсіресе автономды су көздерін пайдаланған жағдайда, маңыздылығы туралы кеңес берді.

ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК тұрғындар мен ұйымдар үшін суға зертханалық зерттеулер жүргізеді. Мұндай бақылау бассейндер, моншалар, сауналар, SPA-кешендер, фитнес-орталықтар, қонақүйлер, балалар мекемелері, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары және адамдар көп шоғырланатын өзге де нысандар үшін ерекше маңызды.

Су сапасын уақытылы тексеру - отбасыңыздың, клиенттеріңіздің және нысаныңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі.