Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК 2026 жылғы 29 мамырда Дүниежүзілік аккредиттеу күніне орай ұйымдастырылған «Инновациялар, сенім және тұрақтылық. Аккредиттеудің әсері» атты халықаралық форумға қатысты.
Іс-шараны ҚР СИМ ТРМК «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырды.
Форум аккредиттеуді дамыту, сапаны қамтамасыз ету және сәйкестікті бағалау нәтижелеріне деген сенімді арттыру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шараға Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің аккредиттеу органдарының өкілдері қатысты.
Форум аясында СЭСО Қазақстан Республикасының сапа инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін естелік наградамен және алғыс хатпен марапатталды.
Аталған марапат СЭСО-ның зертханалық зерттеулер нәтижелерінің жоғары сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету, аккредиттеу жүйесін дамыту және сәйкестікті бағалау саласына заманауи тәсілдерді енгізу бағытындағы көпжылдық еңбегінің мойындалуы болып табылады.