Басты бетЦСЭЭ МЦ УДП РК қызметкері Медицина қызметкерлері күніне орай Құрмет грамотасымен марапатталды

ЦСЭЭ МЦ УДП РК қызметкері Медицина қызметкерлері күніне орай Құрмет грамотасымен марапатталды

ЦСЭЭ МЦ УДП РК қызметкері Медицина қызметкерлері күніне орай Құрмет грамотасымен марапатталды ЦСЭЭ МЦ УДП РК қызметкері Медицина қызметкерлері күніне орай Құрмет грамотасымен марапатталды ЦСЭЭ МЦ УДП РК қызметкері Медицина қызметкерлері күніне орай Құрмет грамотасымен марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Медицина қызметкерлері күніне орай Медициналық орталыққа қарасты ұйымдар қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Асат Нұрпейісов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға наградалар табыстады.

Марапатталғандардың қатарында Медициналық орталықтың Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметкері, Дератизация, дезинсекция және дезинфекция бөлімінің лаборант-дезинфекторы Жаулыбаева Гулжан Олжабайқызы да бар.

Гулжан Олжабайқызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының денсаулығын сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі және мінсіз адал еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.