Басты бетБіз жұтатын ауа қаншалықты таза? Өнеркәсіптік шығарындыларды зертханалық бақылау қалай жүргізіледі

Біз жұтатын ауа қаншалықты таза? Өнеркәсіптік шығарындыларды зертханалық бақылау қалай жүргізіледі

Біз жұтатын ауа қаншалықты таза? Өнеркәсіптік шығарындыларды зертханалық бақылау қалай жүргізіледі Біз жұтатын ауа қаншалықты таза? Өнеркәсіптік шығарындыларды зертханалық бақылау қалай жүргізіледі Біз жұтатын ауа қаншалықты таза? Өнеркәсіптік шығарындыларды зертханалық бақылау қалай жүргізіледі Біз жұтатын ауа қаншалықты таза? Өнеркәсіптік шығарындыларды зертханалық бақылау қалай жүргізіледі

АТМОСФЕРАҒА ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫ БАҚЫЛАУ: БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?

Таза атмосфералық ауа – халық денсаулығы мен экологиялық қауіпсіздіктің негізгі факторларының бірі. Өнеркәсіптік және өндірістік нысандардың шығарындыларында әртүрлі ластаушы заттар болуы мүмкін. Сондықтан оларды тұрақты түрде зертханалық бақылау шығарындылардың құрамын анықтауға, бақыланатын компоненттердің концентрациясын бағалауға және ықтимал экологиялық тәуекелдерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

ӨНЕРКӘСІПТІК ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНДА НЕ БОЛУЫ МҮМКІН?

Шығарындылардың құрамы өндіріс түріне, пайдаланылатын шикізатқа, технологиялық процестерге және тазарту жабдықтарының тиімділігіне байланысты.

Бақылауды қажет ететін ластаушы заттардың маңызды топтарының бірі – ұшпа органикалық қосылыстар. Оларға бензол, толуол, ксилолдар және басқа да органикалық заттар жатады. Белгілі бір деңгейде және ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда олардың кейбірі адам денсаулығына кері ықпал етуі мүмкін.

Бензолға ерекше назар аударылады. Бұл заттың ұзақ уақыт әсер етуі денсаулыққа елеулі салдар тудырып, соның ішінде канцерогендік қауіптің артуына әкелуі мүмкін.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы : Жоғары технологиялық зерттеулер және диоксиндерді анықтау зертханасының мамандары ластаушы заттарды заманауи аспаптық талдау әдістерін қолдана отырып зерттейді.

Органикалық қосылыстарды анықтау үшін газды хромато-масс-спектрометрия әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс күрделі қоспаларды жеке компоненттерге бөліп, заттарды дәл сәйкестендіруге және олардың мөлшерін, соның ішінде төмен концентрацияларда да, анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеулер бекітілген әдістемелерге және зертхана орындайтын зерттеулер саласына сәйкес жүргізіледі. Алынған нәтижелер бақыланатын ластаушы заттардың мөлшерін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

КӘСІПОРЫНДАР ҮШІН ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫ БАҚЫЛАУ НЕЛІКТЕН ҚАЖЕТ?

Тұрақты зертханалық мониторинг:

• шығарындылар құрамындағы ластаушы заттардың мөлшерін бақылауға;
• белгіленген экологиялық нормативтердің сақталуын бағалауға;
• табиғатты қорғау және газ тазарту шараларының тиімділігін бақылауға;
• атмосфералық ауаның ластану қаупін дер кезінде анықтауға;
• қоршаған ортаға түсетін кері әсерді азайту шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Өндірістік мониторинг экологиялық бақылаудың маңызды бөлігі болып табылады және кәсіпорын қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы объективті деректер алуға мүмкіндік береді.

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?

Атмосфералық ауадағы ластаушы заттарды әрдайым иісі немесе сыртқы белгілері арқылы анықтау мүмкін емес. Олардың бар-жоғын және нақты концентрациясын тек зертханалық және аспаптық әдістер арқылы сенімді түрде бағалауға болады.

Шығарындыларды жүйелі бақылау экологиялық тәуекелдердің алдын алуға, табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға және өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін төмендетуге ықпал етеді.

Атмосфераға шығарылатын шығарындыларды бақылау – тек экологиялық талаптарды орындау ғана емес, сонымен қатар адамдардың денсаулығын қорғау мен келер ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған жауапты қадам.