Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қазақстандықтарды ортақ мақсатқа жұмылдырады. Өйткені экологиялық мәдениет әр адамның нақты іс-әрекетінен басталады.
ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ұжымы акцияға кезекті рет белсенді қатысты. ҚР ПІБ-ге қарасты ұйымдардың қызметкерлерімен бірлесіп, қар полигонының аумағын маусымдық қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
ҚР ПІБ МО СЭСО ұжымы бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаның тазалығы мен қолайлылығын сақтауға өз үлесін қоса отырып, «Таза Қазақстан» қозғалысын алдағы уақытта да қолдауды жалғастырады.