ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары қызамықтың жүкті әйелдер мен болашақ сәбилерге төндіретін қаупі туралы айтып берді.
Қызамық көбіне жеңіл өтіп, байқалмай қалуы мүмкін. Алайда жүктіліктің алғашқы кезеңінде инфекция жұқтырған жағдайда вирустың ұрыққа берілу қаупі 90%-ға дейін жетеді. Бұл туа біткен қызамық синдромына, яғни ауыр даму ақауларының пайда болуына әкелуі ықтимал.
Орталықтың аса қауіпті бактериялық және вирустық инфекциялар зертханасында ИФТ әдісімен жедел диагностика жүргізіледі. IgM және IgG антиденелеріне жасалатын талдау адамның қазіргі уақытта инфекция жұқтырған-жұқтырмағанын және вирусқа қарсы иммунитетінің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
Зертхана меңгерушісі Сания Сәрсенғалиеваның айтуынша, зерттеу нәтижелері дәрігер мен пациентке әрі қарайғы бақылау және емдеу тактикасын дер кезінде айқындауға көмектеседі.
Толығырақ Kazinform материалында:
https://www.inform.kz/ru/krasnuha-chem-opasna-infektsiya-dlyaberemennih-ikakeeviyavlyayut-47e3c72b