19 қыркүйекте ҚР ПІБ МО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК-да «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шара экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және қаланың тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосуға бағытталды.
Сенбілік барысында орталық қызметкерлері аумақты маусымдық қоқыстан тазартып, іргелес аумақты ретке келтірді. Қоршаған ортаның тазалығы мен қауіпсіздігін сақтау ұжымның қоғамдық қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.
Орталық алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» бастамасын қолдап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және оның сапасын жақсартуға өз үлесін қоса бермек.