2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында «Ашық есік күні» бағдарламасы аясында халықаралық KIT кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті.
Қонақтар Орталықтың қызметімен және негізгі жұмыс бағыттарымен танысты. Олар зертханалық базамен, заманауи зерттеу әдістерімен, сондай-ақ Орталықтың санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласында ұсынатын қызметтерімен жақынырақ танысты.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу, жаңа іскерлік байланыстар орнату және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжатта мыналар көзделген: серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, бірлескен жобалар аясында өзара іс-қимыл жасау, ақпарат пен тәжірибе алмасу, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесу.
Меморандумға қол қойылуы бірлескен жұмысқа жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар іскер қауымдастықпен серіктестік санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын ілгерілетуге ықпал етеді.