Өзбекстан аккредиттеу орталығы біліктілікті тексеру провайдері - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығымен бірлесіп бейнеконференция форматында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Өзбекстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің 45 өкілі қатысты.
Қатысушылар Өзбекстанның зерттеу және сынақ зертханаларының СЭСО ұйымдастыратын біліктілікті тексеру (БТ) бағдарламаларына қатысу тәртібі мен шарттарын талқылады, сондай-ақ өзбекстандық зертханалардың БТ-дан өтуге қатысты қазіргі қажеттілігін бағалады. Өзбекстанның аккредиттеу субъектілерінің қазақстандық провайдерлердің БТ бағдарламаларына қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу мен қамтамасыз етудегі СЭСО-ның рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылық танытатынын растады. Бірлескен жұмыс топтарын құру және белгіленген бастамаларды іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.