ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы (СЭСО) тамақ өнімдерінің құрамында ауыр зиянды металдардың болуына саоаптама жүргізді. Балаларға арналған тағам олардың дамуы мен өсуіне негіз болып табылады, сондықтан оның жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндет.
Кейбір өнімдерде ауыр металдардың деңгейі жоғары болуы мүмкін. Олар балалардың денсаулығына теріс әсер етіп, ауыр ауруларды тудыруы мүмкін.
Ата-аналарға балалар тағамын таңдау бойынша ұсыныстар:
• Табиғи жеммен өсірілген жануарлардың етін таңдау
• Сынап қосылыстары аз балықтарды таңдау, мысалы ақсерке, албырт, дорадо, бақтақ, көксерке, сибас лосось, дорадо, форель, судак және сибас сияқты
• Пестицидтерсіз, химиялық тыңайтқыштарсыз және нитраттарсыз өсірілген жемістер мен көкөністерді таңдау
• Сертификатталған балаларға арналған шырындар мен қоспаларды сатып алу.
СЭСО ауыр металдарға тұрақты тексерулерді және өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне қатаң бақылауды жүргізеді, орталық мамандары өнімдердегі ауыр металдардың рұқсат етілген шекті көрсеткіштері туралы оқытудан тұрақты негізде өтеді.