Басты бетСүт және сүт өнімдеріндегі антибиотиктер

Сүт және сүт өнімдеріндегі антибиотиктер

Сүт және сүт өнімдеріндегі антибиотиктер


Жануарлардағы ауруларды емдеу үшін ветеринарияда дәрігерлер көбінесе антибиотиктерді қолданатындықтан, олардың қалдықтары тамақ өнімдері арқылы халықтың денсаулығына зиян тигізеді.

Антибиотиктерді қолдану, артық дозада қолдану және дұрыс қолданбау жағдайлары антибиотикке төзімділік деңгейінің тез өсуіне әкеледі, сонымен қатар барлық белгілі антибиотиктерге төзімді жаңа бактерияларды тудыруы әбден мүмкін.

Бұл проблемамен күресу үшін сүт сапасына және мал шаруашылығында антибиотиктерді қолдану нормаларына қатаң тексерулер енгізілді. Дегенмен, сүт өнімдерін таңдағанда мұқият болып, олардың антибиотиктерге тексерілгеніне көз жеткізу маңызды болып табылады.
Құраманда антибиотиктердің қалдықтары бар сүт ˗ адам ағзасында ауыр жұқпалы ауруларды тудыруы мүмкін әртүрлі патогендік бактериялардың, аллергендердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, кейбір антибиотиктер ас қорыту жүйесінің денсаулығын қамтамасыз ететін пайдалы сүт қышқылы бактерияларын, ферменттерді және ақуыздарды жоя алады.

Сондықтан сүттегі антибиотиктерді бақылау тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтаудың маңызды аспектісі болып табылады.

Жаңа технологияларды пайдалана отырып, дәлдігі жоғары жабдықтарда сапалы зерттеулер жүргізу мақсатында Сіз біздің зертханаға 87779222292 (клиенттермен жұмыс бөлімінің басшысы Қожаахмет Шунгульшин) телефоны арқылы хабарласа аласыз.