Басты бетХАССП қағидаттары негізінде тамақтан уланудың алдын алу, өндірістік бақылаудың өзекті мәселелері,...

ХАССП қағидаттары негізінде тамақтан уланудың алдын алу, өндірістік бақылаудың өзекті мәселелері, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оқытатын шеберлік сағаты өткізілді

ХАССП қағидаттары негізінде тамақтан уланудың алдын алу, өндірістік бақылаудың өзекті мәселелері, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оқытатын шеберлік сағаты өткізілді ХАССП қағидаттары негізінде тамақтан уланудың алдын алу, өндірістік бақылаудың өзекті мәселелері, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оқытатын шеберлік сағаты өткізілді

2024 жылғы 16 мамырда ҚР ПІБ Медициналық орталығының санитариялық - эпидемиологиялық сараптама орталығында ХАССП қағидаттары негізінде тамақтан уланудың алдын алу, өндірістік бақылаудың өзекті мәселелері, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оқытатын шеберлік сағаты өткізілді.

Шеберлік сағатына 90-нан астам адам қатысты.

Негізгі мақсат - қоғамдық тамақтану объектілерінде жұмыс істейтін мамандардың тамақтан уланудың, жіті ішек ауруларының алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру.

Шеберлік сағаты барысында тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде тамақтан уланудың алдын алуды қамтамасыз ету, тәуекелдерді талдау және алдын алу шаралары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамамен танысу, азық-түлік кәсіпорындарында НАССР қағидаттары негізінде халықаралық тәжірибелерді енгізу, өндірістік бақылауды жетілдіру (оқыту, кеңес беру және зертханалық бақылау) мәселелері талқыланды.