Диоксиндер дегеніміз не және олардың қауіптілігі неде?
Диоксиндер - бұл әр түрлі өндірістік процестер кезіндеде, қоқыстарды жаққан кезде немесе немесе тіпті мысалы, дала өрті сияқты табиғи апаттар арқылы пайда болатын лас тұрақты органикалық ластаушы заттардың құрамына кіретін тұрақты органикалық ластаушы зат болып табылады. Сол себепті диоксиндер бүкіл әлемнің қоршаған ортасында бар. Диоксиндер шөгінді жыныстарда, топырақта, етте, балықта, сүт және мұхит өнімдерінде белсенді түрде жиналады.
Суда, ауада, тірі өсімдіктердің құрамында әдетте аз кездеседі.
Диоксиндердің көп бөлігі адам ағзасына тамақпен, тек 10 % – ы ғана ауамен және шаңмен енеді.
Тірі ағзаға енгеннен кейін бұл қосылыстар май тінінде жиналып, ыдырап, өте баяу шығарылады. Нақтырақ айтқанда олардың адам ағзасындағы жартылай ыдырауы 7-11 жылға созылады. Осы уақыт ішінде олар мутагенді, канцерогенді, иммундыдепрессивті, тератогенді, эмбриотоксикалық әсер ету арқылы денені улайды.
Жоғары концентрациялы диоксиндермен қысқа уақытқа жанасқанның өзінде ол терінің зақымдалуына әкеледі – хлоракне, сондай-ақ бауыр жұмысының бұзылуын туғызады.
Стокгольмдегі тұрақты органикалық ластаушы заттар туралы конвенция диоксиндерді өндіруге тыйым салған. Көптеген мемлекеттерде осы заттардың қоршаған орта мен тамақ өнімдерінде болуын бақылауға қойылатын талаптар бар.
Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде олар КО ТР 021/2011 («тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»), сондай-ақ «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарда» көрсетілген.
Диоксиндерге жасалатын анализдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін зертханалар арнайы сору жүйелерімен, сүзгілермен және ауадағы зиянды заттардың құрамын бақылайтын басқада құралдармен жабдықталуы тиіс. Зертханаларда үлгілерді өңдеу, сапаны бақылау, қалдықтарды жою және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қатаң процедуралар сақталуы керек.
Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК базасында халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес келетін диоксин зертханасының ашылуы әртүрлі ортадағы атап айтқанда – топырақ пен судан бастап азық-түліктегі диоксиндер мен олармен байланысты ластануларды анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл өз кезегінде үлгілердегі диоксиндердің деңгейін бағалауға және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал қауіптерді азайту үшін қажетті шараларды қабылдауға түрткі болады. Қолданылатын озық технологиялар мен талдау әдістері диоксиндерді молекулалар деңгейіне дейін анықтайды