Басты бетДүкендегі ет жартылай фабрикаттарын дұрыс таңдаудың жолдары: Сарапшы кеңестері

Дүкендегі ет жартылай фабрикаттарын дұрыс таңдаудың жолдары: Сарапшы кеңестері

Дүкендегі ет жартылай фабрикаттарын дұрыс таңдаудың жолдары: Сарапшы кеңестері

Бүгінгі күні дүкен сөрелерінде көптеген өңделген ет өнімдері сатылады және тұтынушыға дұрыс таңдау жасау қиынға соғуы мүмкін, ет өнімдерін қалай таңдау керектігі туралы ҚР ПІБ МО санитариялық - эпидемиологиялық сараптама орталығының Денсаулық сақтау менеджері Дария Азимбаева айтып берді.

 

Үйде дайындалған тұшпара немесе басқа ет өнімдері әрқашан дәмді және пайдалы. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі таңда белсенді адам өмірінің қарқынымен үйде тамақ дайындауға әрдайым уақыт бола бермейді. Сол уақытта жартылай ет өнімдері бізге көмекке келеді. Сіз оларды кез-келген азық-түлік дүкенінен сатып ала аласыз.

Жартылай дайын ет өнімдері арнайы сақтау шарттарын қажет етеді, сондықтан оларды тек тоңазытқыш жабдықтарымен, соның ішінде төмен температурамен жабдықталған дүкендерден сатып алу керек.

Сақтау мерзімі аяқталмаса да, дұрыс сақталмаған өнімнің балғындығы, сапасы нашарлауы мүмкін. Сондықтан мұндай тағамдарды жеуге болмайды.

Жартылай дайын ет өнімдерін сақтау және өткізу кезінде дайындаушы белгілеген сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімін сақтауы тиіс. Өнімді сатып алу кезінде өндіруші көрсеткен сақтау шарттарының сәйкестігіне назар аудару қажет.

 

- Жартылай ет өнімдерін сатып алу кезінде неге назар аудару керек?

 

Сіз жартылай ет өнімдерін таңдаған кезде ең бірінші – сыртқы түріне назар аударыңыз. Қаптаманы тексеріңіз: ақаулары бар ма, герметикалығы сақталған ба. Егер зақымдалған жері болса, онда өнім бүлінген болуы мүмкін. Пішін дәстүрлі түрге сәйкес келуі керек, қайта мұздату, желдету, деформация іздері жоқ болуы керек.

Екіншісі, этикеткасына қараңыз. Таңбалау қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ түсінікті, оқуға оңай болуы тиіс. Онда өндіруші өнім туралы барлық маңызды ақпаратты көрсетуге міндетті: Өнімнің атауы, салмағы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндіруші, тағамдық құндылықтар және, әрине, құрамын көрсетуі шарт. Сондай-ақ, тамақ өнімдерінде гендік-модификацияланған организмдерді (ГМО) қолдану арқылы алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтер көрсетілуі керек.

Пісіру кезінде пайда болатын сорпаның сапасы мен иісіне, мөлдірлігі назар аударыңыз: егер сорпасы бұлыңғыр болса немесе біртүрлі иісі болса, бұл өңделген ет тағамы жарамсыз дегенді білдіреді.

 

- Жартылай дайын ен өнімдерінің сапасына күмән тудырған жағдайда қайда және кімге жүгінуге болады?

 

- Жартылай дайын ет өнімдерінің сапасына күмән тудырған жағдайда өнімнің сапасын сәйкестендіретін құжаттарды талап етіңіз.

Біздің зертхана адам денсаулығы үшін жартылай дайын ет өнімдерінің зиянсыздығын анықтау мақсатында органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіштерге, бөгде қоспалар мен паразиттердің болуына зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Сондай-ақ микробтардың ластану дәрежесі мен сипатын анықтау үшін бактериологиялық зерттеулер, уыттылықты анықтау үшін зерттеулер және жартылай ет өнімдерін радиоактивті заттармен ластануын анықтау үшін радиометриялық зерттеулер жүргізеді.

Деніңізге саулық тілеймін!