Басты бетІшек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек

Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек

Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек Ішек таяқшасы: пайдасы мен қаупі туралы не білу керек

Ішек таяқшасы (Escherichia coli) немесе E.coli – ағзамызда маңызды рөл атқаратын, бірақ кей жағдайда қауіпті болуы мүмкін микроорганизм. Әдетте, ішек таяқшасы адамның және жануарлардың ішегінде өмір сүреді және бірқатар пайдалы қызметтерді атқарады. Алайда оның тағамда болуы ластануды көрсетеді және денсаулыққа үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

 

Ішек таяқшасының пайдалы қызметтері

Ішек таяқшасы ағзадағы бірнеше маңызды процеске қатысады:

1. Ас қорытуға қолдау көрсету. E.coli тағамды ағзаға оңай сіңетін қоректік заттарға ыдыратуға көмектеседі.

2. Витаминдерді синтездеу. Бактерия B және K тобының витаминдерін синтездейді. Бұл витаминдер зат алмасуда, иммундық жүйенің қызметінде және қан түзілуінде маңызды рөл атқарады.

3. Ішек жолының шырышты қабатын қорғау. E.coli ішек жолының шырышты қабатының тұтастығын сақтап, оны зақымданудан қорғайды және жергілікті иммунитетті күшейтеді.

 

E.coli қашан қауіпті болады?

Гигиена талаптары сақталмаған жағдайда E.coli тағамға түсіп, әртүрлі ауруларды қоздыруы мүмкін. Ішек таяқшасының тағамда болуы фекальды ластанудың белгісі саналады, себебі бактериялар су, шаң, лас қолдар және тіпті жәндіктер арқылы таралады. Қауіпті штаммдар асқазан-ішек жолын бұзатын және улануды туғызатын токсиндер бөледі.

 

Жұқтырудан қалай сақтануға болады?

Төмендегі қарапайым ережелерді сақтау арқылы сіз өзіңізді және отбасыңызды қорғай аласыз:

1. тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды сабындап жуыңыз;

2. тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;

3. барлық жемістер мен көкөністерді мұқият жуыңыз, тіпті цитрус және банан сияқты қабығы бар жемістерді де қайнаған сумен шаюды ұмытпаңыз;

4. ашытылған сүтті ішер алдында қайнатыңы;

5. тағамды таза жабық ыдыста сақтаңыз, тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта сақтап, олардың жарамдылық мерзімін бақылаңыз.

 

Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

ҚР ПІБ МО Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханасы өнімдерде E.coli бар-жоғын анықтау үшін заманауи жабдықтарды қолданып, микробиологиялық зерттеулер жүргізеді. Бұл өнімдердің қауіпсіздігін және тұтынушылардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

 

Кеңес алу және көмек көрсету

Микробиологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін орталық мамандарына 8 777 922 22 92 телефоны арқылы хабарласыңыз.