


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, жыл сайын миллиондаған адам күнделікті ас пен су арқылы паразиттерді жұқтырады. Мамандар тағам қауіпсіздігін сақтау және қауіпті азайту үшін қарапайым ережелерді ұстануға кеңес береді.
Көпшілікке шала піскен стейк пен тәбетті суши-сет - мүлде зиянсыз көрінуі мүмкін. Алайда дәл осындай дәмді тағамдар кейде көзге көрінбейтін қауіпті паразиттердің мекеніне айналады. Олардың дернәсілдері мен цисталары иіссіз, беймәлім күйде қалып, айлар бойы өнім ішінде тіршілігін сақтайды. Тіпті қақаған аяз бен шыжыған ыстыққа, тіпті тұздаудың өзіне де төтеп бере алады.
Ет толыққанды термиялық өңдеуден өтпеген жағдайда оның құрамында трихинелла дернәсілдері, шошқа немесе сиыр цепені, сондай-ақ токсоплазмоз қоздырғыштары қалуы мүмкін. Шикі немесе жеткіліксіз тұздалған балық пен теңіз өнімдері жиі описторхоз, клонорхоз және анизакидоз қоздырғыштарын алып жүреді. Көкөністер мен көк шөп аскарида мен власоглав жұмыртқаларын тасуы ықтимал, егер олар ластанған сумен суарылса. Тіпті мөлдір көрінетін бұлақ суында да лямблия цисталары мен гельминт жұмыртқалары кездесуі мүмкін.
Бұл - жаһандық деңгейдегі мәселе. Қазіргі таңда өсіру, тасымалдау немесе дайындау кезінде санитариялық талаптың бір рет бұзылуының өзі жаппай жұқтыруға себеп болуы ықтимал.
Толығырақ INBUSINESS.KZ сайтында: https://inbusiness.kz/kz/last/korinbejtin-zhau-as-arkyly-zhugatyn-parazitterden-kalaj-korganuga-bolady