Басты бетМектептегі жаңа тамақтану стандарттары бойынша оқыту семинары

Мектептегі жаңа тамақтану стандарттары бойынша оқыту семинары

Мектептегі жаңа тамақтану стандарттары бойынша оқыту семинары Мектептегі жаңа тамақтану стандарттары бойынша оқыту семинары Мектептегі жаңа тамақтану стандарттары бойынша оқыту семинары Мектептегі жаңа тамақтану стандарттары бойынша оқыту семинары Мектептегі жаңа тамақтану стандарттары бойынша оқыту семинары

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында білім беру саласы мамандарына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Жиын барысында мектептердегі тамақтануды ұйымдастырудың жаңартылған талаптары жан-жақты талқыланды. Басқосудың негізгі себебі – 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №302 бұйрығына енгізілген өзгерістер болды. Жаңа құжат білім беру ұйымдарында мәзірді құрудың заманауи тәсілдерін белгілеп, тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтеді әрі өскелең ұрпақтың денсаулығына айрықша назар аударуды көздейді.

Семинарды ашқан Орталық директоры Сауле Шарипова балалардың дұрыс тамақтануы елдің стратегиялық басымдығы екенін, ал оның сапасы мемлекеттің болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті. Орталық мамандары Дария Әзімбаева мен Сандуғаш Мұкажанова санитариялық-гигиеналық нормаларға және жаңартылған стандарттың басты қағидаларына тоқталды. Бағдарламаның тәжірибелік бөлімі ерекше қызығушылық тудырды: Қазақ тағамтану академиясының дәрігер-диетологы Вероника Уливанова тағамның калориясы мен құндылығын есептеу әдістерін ұсынып, үйлестірілген мәзір жасаудың негізгі қағидаттарын түсіндірді. Сондай-ақ ол мектеп асханалары рационын талдауға арналған калькуляторды пайдалану жолдарын көрсетіп, «желінбейтін тамақтардың индексін» анықтау тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға білім беру ұйымдарының 44 өкілі қатысты. Еркін пікір алмасу форматы тыңдаушыларға белсенді сұрақтар қоюға, ой бөлісуге және тәжірибеден нақты мысалдар келтіруге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ең бастысы – семинардан алынған білім педагогтар мен мамандардың күнделікті жұмысына серпін беріп, Қазақстан мектептерінде балалар үшін қауіпсіз әрі салауатты тамақтанудың бірыңғай стандарттарын енгізуге жол ашпақ.