Басты бетАшық есік күні: ауыл шаруашылығы өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы

Ашық есік күні: ауыл шаруашылығы өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы

Ашық есік күні: ауыл шаруашылығы өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы Ашық есік күні: ауыл шаруашылығы өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы Ашық есік күні: ауыл шаруашылығы өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы Ашық есік күні: ауыл шаруашылығы өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы Ашық есік күні: ауыл шаруашылығы өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы Ашық есік күні: ауыл шаруашылығы өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын, сертификаттау ұйымдары мен агрохимия саласының мамандарын Ашық есік күніне шақырды.

Іс-шараны орталық директоры Сауле Шарипова ашып, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың маңызын ерекше атап өтті: «Бұл – тек зертханалық көрсеткіштер мен қатаң бақылау ғана емес, халық тұтынатын өнімдердің қауіпсіздігіне деген сенім кепілі».

Бағдарлама аясында зертхана басшылары мен мамандары генетикалық түрлендірілген организмдерді (ГМО) анықтау, жануарлар ДНҚ-сын айқындау, аллергендерді табу, санитариялық-бактериологиялық зерттеулер және ауыл шаруашылығы өнімдерінің физика-химиялық көрсеткіштері бойынша соңғы әдістемелермен бөлісті. Сондай-ақ диоксиндердің құрамын бақылау, аккредитация саласын кеңейту және жаңа жоғары дәлдікті зерттеу технологияларын енгізу мәселелері талқыланды. Бұл тақырыптар қатысушылар арасында қызу пікірталас тудырды.

Қонақтардың ерекше ықыласына МЦ УДП РК ауруханасының онколог-маммологы Айгүл Дабылханқызы Даулбаеваның дәрісі ие болды. Ол сапалы әрі қауіпсіз тамақтанудың адам денсаулығы үшін және аурулардың алдын алу ісіндегі шешуші рөлін атап өтті.

Іс-шараға еліміздің жетекші кәсіпорындарының өкілдері – құс етінен жартылай фабрикаттар өндірушілер, Қазақстандағы ең ірі жұмыртқа және құс еті өндірісі компаниясы, шырын өндірушілер, сондай-ақ «Қазақ аграрлық сараптама» ұйымы мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің мамандары қатысты.

Күн соңында қонақтар зертханаларды аралап, заманауи жабдықтармен танысты және зерттеулердің нақты уақыт режимінде қалай жүргізілетінін көрді.

Ашық есік күні тәжірибе алмасуға, кәсіби байланысты нығайтуға және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін бірге талқылауға мүмкіндік берді.