Басты бетҚР ПІБ МО Референс-зертханасының акциясы: көкөніс пен жемістердегі нитрат мөлшерін анықтау

ҚР ПІБ МО Референс-зертханасының акциясы: көкөніс пен жемістердегі нитрат мөлшерін анықтау

ҚР ПІБ МО Референс-зертханасының акциясы: көкөніс пен жемістердегі нитрат мөлшерін анықтау ҚР ПІБ МО Референс-зертханасының акциясы: көкөніс пен жемістердегі нитрат мөлшерін анықтау ҚР ПІБ МО Референс-зертханасының акциясы: көкөніс пен жемістердегі нитрат мөлшерін анықтау ҚР ПІБ МО Референс-зертханасының акциясы: көкөніс пен жемістердегі нитрат мөлшерін анықтау

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасы «Жеміс-көкөніс өнімдерін нитраттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді. Шараның мақсаты – халықтың жаңа піскен көкөніс пен жемістерді қауіпсіз тұтыну туралы хабардарлығын арттыру. Акция 10 қазанда елордалық базарлардың бірінде ұйымдастырылып, келушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Акция барысында Референс-зертхананың мамандары нитраттардың шамадан тыс мөлшері адам ағзасына тигізетін ықтимал әсерлері туралы айтып, өнімдерді тексерудің маңыздылығын түсіндірді. Келушілер бірнеше минут ішінде, күрделі құрал-жабдықсыз жүргізілетін экспресс-тексеру әдісін өз көздерімен көре алды.

Талдау барысында жеміс пен көкөністегі нитраттардың жоғары мөлшерін жедел анықтауға мүмкіндік беретін индикаторлық тест-жолақтар қолданылды. Экспресс-әдіс – бастапқы бағалаудың ең қарапайым әрі көрнекі тәсілдерінің бірі және зертханалық тәжірибеде пайдаланылатын басқа әдістермен қатар қолданылады.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз тағам таңдаудың маңызын еске салу және денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру. ҚР ПІБ МО Референс-зертханасы халық арасында тағам қауіпсіздігі мен санитариялық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.