Балық – ақуыз бен омега-3 май қышқылдарына бай су жануары. Дегенмен, оның пайдалы дәмінің астарында көзге көрінбейтін қауіп, нақтырақ айтқанда «сынап» жасырынуы мүмкін. Бұл ауыр металл иіссіз әрі дәмсіз болғанымен, ағзада жиналып, уақыт өте келе жүйке, бауыр және бүйрек қызметіне кері әсер етеді, деп хабарлайды NoFake.
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасының химик маманы Айнұр Кенжебаеваның айтуынша, зертханалық бақылау тағамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең маңызды тетігі.
«Көпшілік балықты тек пайдалы өнім деп қабылдайды, алайда кей жағдайда ол ағзаға қауіпті элементтердің көзіне айналуы мүмкін. Сол себепті балықтың сапасын тексеру өте маңызды», – дейді маман.
Толығырақ NoFake сайтында: https://nofake.kz/kk/balyqtyng-qramynda-synap-boluy-mmkin-shyndyq/