Басты бетҚР ПІБ МО Референс-зертханасында HACCP халықаралық тәжірибелері негізінде тағам қауіпсіздігі мәсе...

ҚР ПІБ МО Референс-зертханасында HACCP халықаралық тәжірибелері негізінде тағам қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

ҚР ПІБ МО Референс-зертханасында HACCP халықаралық тәжірибелері негізінде тағам қауіпсіздігі мәселелері талқыланды ҚР ПІБ МО Референс-зертханасында HACCP халықаралық тәжірибелері негізінде тағам қауіпсіздігі мәселелері талқыланды ҚР ПІБ МО Референс-зертханасында HACCP халықаралық тәжірибелері негізінде тағам қауіпсіздігі мәселелері талқыланды ҚР ПІБ МО Референс-зертханасында HACCP халықаралық тәжірибелері негізінде тағам қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасында Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдеріне арналған «HACCP халықаралық тәжірибелері негізінде тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК (бұдан әріҰСО) маманы, INFOSAN және RASFF халықаралық жүйелерінің байланыс тұлғасы Зейнолла Шарипов аталған жүйелердің жұмыс істеу қағидаттары мен тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды. Ол тағам қауіпсіздігі саласындағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған халықаралық және ұлттық ақпарат алмасу механизмдерін, тәуекелдерді бағалау тәсілдерін, сондай-ақ уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар ҰСО-ның INFOSAN, RASFF, Codex Alimentarius және GMO Platform халықаралық жүйелері бойынша ұлттық байланыс пункті ретіндегі рөлі атап өтілді.

ҚР ПІБ МО Референс-зертханасының директоры тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне халықаралық стандарттарды енгізудің практикалық аспектілеріне тоқталып, кешенді тәсілдің, тиімді бақылаудың және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында қызмет атқаратын мамандарды жүйелі даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Семинардың негізгі бөлігі халықаралық стандарттар мен озық әлемдік тәжірибелер талаптарын ескере отырып, тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыратын мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналды. Атап айтқанда, тағам өнімдерін фальсификациялау жағдайларын анықтау және оның алдын алу, сондай-ақ шикізатты қабылдау кезеңінен бастап дайын өнімді өндіруге дейінгі барлық процестерде тиімді бақылау жүйесін қалыптастыру мәселелеріне басымдық берілді.

Қатысушылар HACCP жүйесінің қағидаттарын енгізу және қолданудың практикалық қырларын, оның ішінде ықтимал қауіпті факторларды айқындау, тәуекелдерді талдау және бағалау, оларды басқару және түзету шараларын уақтылы қабылдау мәселелерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнама талаптары, құжаттаманы дұрыс жүргізу және ұлттық тағам қауіпсіздігі жүйесін нығайту мақсатында халықаралық тәжірибені тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.

Оқыту тәжірибеге бағытталған форматта өтті: қатысушылар типтік жағдайларды талдап, бақылау-қадағалау қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, кәсіби тәжірибе алмасты.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға HACCP халықаралық тәжірибелері негізінде тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқудан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.