Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы санитариялық-бактериологиялық зертханасының мамандары «Jibek Joly» телеарнасының жаңалықтар сюжетіне қатысты.
Эфир барысында сарапшылар балабақшаларда, мектептерде және қоғамдық тамақтану нысандарында жүргізілетін зертханалық бақылау туралы баяндады. Азық-түлік өнімдері мен ауызсудың сапасын зерттеуге, сондай-ақ жабдықтардан, ыдыстардан, жұмыс беттері мен қызметкерлердің қолынан алынатын шайынды сынамаларына ерекше назар аударылды.
Мамандар санитариялық-бактериологиялық зерттеулер нысандардың санитариялық жағдайын объективті бағалауға, ықтимал бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға, жұқпалы аурулар мен тағамнан уланудың алдын алуға мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Балалар халықтың неғұрлым осал тобына жататындықтан, мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарында тұрақты зертханалық бақылау жүргізудің маңызы ерекше. Мұндай бақылау тамақтану қауіпсіздігін растауға және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
🔗 Сюжеттің толық нұсқасын сілтеме арқылы көруге болады.