Басты бетЕт қауіпсіздігі қалай тексеріледі: 24kz телеарнасының сюжеті

Ет қауіпсіздігі қалай тексеріледі: 24kz телеарнасының сюжеті

Ет қауіпсіздігі қалай тексеріледі: 24kz телеарнасының сюжеті Ет қауіпсіздігі қалай тексеріледі: 24kz телеарнасының сюжеті Ет қауіпсіздігі қалай тексеріледі: 24kz телеарнасының сюжеті

Дүкеннен немесе базардан сатып алынған еттің қауіпсіз екеніне қалай көз жеткіземіз? Осы сұраққа 24kz телеарнасының ет өнімдерін зертханалық бақылауға арналған репортажы жауап берді.

Мамандардың түсіндіруінше, малды емдеу кезінде қолданылған кейбір антибиотиктер организмде белгілі бір уақыт сақталады. Сондықтан әрбір препарат үшін өз күту мерзімі белгіленеді - бұл дәрі енгізілген сәттен малды союға дейін өтуі тиіс кезең. Бұл талап сақталмаса, препарат қалдығы ет құрамында қалуы мүмкін. Мұны тек зертханалық жолмен анықтауға болады: сынама ұсақталады, еріткіш арқылы қажетті заттар бөлініп алынады және сұйықтық хроматографиясы мен масс-спектрометрия әдісімен зерттеледі - бұл әдіс антибиотиктердің тіпті ең аз мөлшерін де анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы зертханасының санитариялық дәрігері Абылай Қайратов атап өткендей, антибиотик концентрациясы белгіленген нормадан асып кетсе, өнім қауіпті деп танылады; норма шегінде болса - қауіпсіз болып есептеледі. Нормадан айтарлықтай асып кету бауырға, бүйрекке және асқазан-ішек жолдарына теріс әсер етуі мүмкін. Антибиотиктермен қатар зертханада пестицидтер мен ауыр металдардың мөлшері де тексеріледі.

Мамандар етті тек ветеринариялық бақылаудан өткен, өнімнің шығу тегін растайтын құжаттары бар сауда орындарынан сатып алуды, сондай-ақ оның сақталу жағдайына назар аударуды ұсынады.

 

🔗 Сюжеттің толық нұсқасын сілтеме арқылы көре аласыз.