Басты бетБалықтан улану: білуге тиісті маңызды мәліметтер

Балықтан улану: білуге тиісті маңызды мәліметтер

Балықтан улану: білуге тиісті маңызды мәліметтер

Балық - құнарлы ақуыздың қолжетімді көзі. Алайда ол - қауіп-қатері жоғары өнімдердің бірі. Оның құрамында микробтық, паразиттік және химиялық ластанулар болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемде жыл сайын шамамен 866 миллион адам қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тағам өнімдерін тұтынудан зардап шегеді. Балық өнімдері де тағамнан болатын аурулардың жиі кездесетін себептерінің бірі.

«Балықтан улану» ұғымы әртүрлі аурулар мен уыттануларды қамтиды. Олардың қатарында сальмонеллез, ботулизм, А гепатиті сияқты инфекциялық аурулар, описторхоз, дифиллоботриоз, анизакидоз сияқты паразиттік аурулар, сондай-ақ гистамин мен ауыр металдардан болатын химиялық уыттанулар бар. Олардың нақты себебін өнімнің сыртқы түріне, дәміне немесе иісіне қарап анықтау мүмкін емес.

Нақты жауапты тек зертханалық зерттеу береді. Бактериологиялық себінді, ПТР және ИФА әдістері инфекциялық қоздырғыштарды анықтауға мүмкіндік береді. Микроскопиялық зерттеу паразиттерді анықтауға көмектессе, хроматография және спектрометрия әдістері гистамин мен ауыр металдардың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Балықтан улану - балықтан толық бас тартуға себеп емес, оның қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға негіз. Қауіпті ерте анықтап, зертханалық зерттеу арқылы нақты диагноз қою - аурудың алдын алудың және денсаулықты қорғаудың маңызды қадамы.